Қала тарихы туралы қысқаша очерк
Саран облыстық маңызы бар қала болып табылады. Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 25 километр қашықтықта орналасқан.
1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған.
1961 жылдың аяғына қарай Саран қаласының құрамына бұрынғы елді мекендері енді: кіші Саран, Дубовка, Байтам, Соқыр, Саран - Угольная, Ақтас поселкесі. Қазіргі уақытта қала аумағы 174 ш. км құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына халқының саны 51,2 мың адамды құрады, оның ішінде Саран қаласында 43,2 мың адам, Ақтас поселкесінде – 8 мың адам. Халық санағының дерегі бойынша халықтың 46,7 % еркектер, 53,3 % - әйелдер құрайды. Қала аумағында 74 ұлт өкілдері тұрады. Қала аумағы Орталық-Қазақстанның шығыңқы ірге жазығына жатады. Жалпы жер бедері аясында солтүстік батыстан Бордан шоқысы көрінеді, батыста Соқыр өзені ағып өтеді. Соқыр өзенінің ең ірі оңжағалық ағыншасы- Карагандинка, оның арнасы Оспан төбешігінен басталады, ұзындығы 42 км.
Саран қаласына жақын жерде Шерубай-Нұра өзенінің ағыншалары орналасқан. Құрылымдық жағынынан қарасақ қала Қарағанды синклинінің батыс қанатында орналасқан. Пайдалы қазбалар: тас көмір, топырақ тас, қыш сазы, құмтүйір тастар қоспалары, әктастар, керамзит саздары. Қала алаңы Карагандинка өзенінің аллювиалдық ағынындағы қазаншұңқырында орналасқан. Саран қаласының экономикасы индустриялық бағыттағы мамандықтар, көбіне қазып шығару, мұнай - химиялық сала, құрылыс материалдары, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі болып табылады.
Қаланың жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары «Саран» және Т. Күзембаев ат. шахталар, «SABURKHAN TECHNOLOGIES» ЖШС, «Саран нанкомбинаты» ЖШС, «Технология» Ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС, РТБ зауыты базасында құрылған «Карагандарезинотехника» ЖШС және Сараньрезинотехника» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Топаз-2000» ЖШС, «Жалаир» ЖШС, «Казтрансметалл» ЖШС болып табылады.
Саран қаласында 369 шаруашылық субъектілері тіркелген.
Шағын кәсіпкерлік саласында 3,4 мың адам жұмыспен қамтылған. «Саранауылшаруашылығы» кәсіпорынымен, 12 шаруа қожалығы және халықтың үй шаруашылығымен ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылады.
Саран қаласының тұрғын үй қоры 11 МПИК и 8 ЖК қызмет көрсететін 4285 жеке меншік жер үйден және 375 көп қабатты үйден тұрады.
Қалада сенімді коммуналдық шаруашылық жүйесі жұмыс істейді.
18 жергілікті қазандық және 11 АЖЖ жылумен қамтамасыз етеді. Халықты тұрмыстық газбен үш кәсіпорын қамтамасыз етеді.
Қала аумағында бірегей тарихи және мәдениет ескерткіштері: Игілік-бидің Мазары, Жамбыл Жабаев, В.В. Маяковский, А. Гайдар, А.С. Пушкин, Жеңіс ескерткіштері бар.
Қалада саяси партиялардың 1 филиалы, 16 үкіметтік емес ұйым, 5 діни бірлестік, 4 саны аз діни топ, 5 ұлттық-мәдени орталық, 8 салалық кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.
Аймақта этникааралық және ұлтаралық қарым-қатынас тұрақты.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
Саран қаласы Құрылған жылы: 1954 жылы 20 желтоқсан
Халқының саны: 2012 жылғы 01.12. ахуалы бойынша 51,2 мың адам
Аумағы: 161 ш. км
Халқының тығыздығы: 313 адам. / ш. км
Этникалық құрамы: қазақтар 15,7%, орыстар – 58,7 %, басқа ұлттар – 25,6.%
Қала әкімі: Шкарупа Анатолий Валерьевич.